Футбол

Әлем чемпионы "Барселонадан" кетуден бас тартты

  • © Soccernews.ru

    © Soccernews.ru

"Барселона" қорғаушысы Самюэль Умтити каталондық клубтан кеткісі келмейді, - деп хабарлайды Diario Sport.

 

26 жастағы франциялық ойыншы басқа командалардың өтінішін қарастырып отырған жоқ. Футболшы өзіне көбірек сенім арта бастаған бапкер Кике Сетьене арқасында қайтадан негізгі ойыншы болғысы келеді. Умтити өзін осы қалада және осы командада жайлы сезінеді екен. Өйткені клбута франциялық ойыншылар жетерлік, сонымен қоса, клубтың мықты футболшылары оны сыйлайтын көрінеді.

 

Мұның алдында "Барселона" франциялықты 70-тен 90 миллион еуро беруге дайын клубқа сатуға әзір екені хабарланған. Умтитидің "Барселонамен" келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жарамды, алайда, каталондықтар алдағы трансферлік кезеңде басқа қорғаушыны алғысы келеді.

 

"Барселонаға" Умтити 2016 жылы франциялық "Лионнан" ауысып келген. Биылғы маусымда ол Испания чемпионатында 11 матчке қатысты. Футболшы Франция құрамасымен 2018 жылы әлем чемпионы атанған болатын.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.04.2020, 10:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31