Анчелотти Испания чемпионатында "Реалдың" басты бәсекелесін атады

21 желтоқсан 2021, 10:11

"Реал" бас бапкері Карло Анчелотти қазіргі таңда Ла Лигадағы "бланкостың" басты бәсекелесін атады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

 

"Турнир кестесіне назар аударсаңыз, біздің командаға ең жақыны "Севилья" болып тұр. Сондықтан ол ұжымнан қауіптенуіміз керек. "Севилья" өте сапалы команда. Олардың жанкүйерлері де көп", - дейді италиялық маман.

 

Еске салайық, 18 тур қорытындысы бойынша "корольдік" клуб 43 ұпаймен жеке-дара көш бастап келеді. "Севилья" болса 17 ойыннан кейін 37 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. 33 ұпайы бар "Бетис" болса үздік үштікті түйіндеп тұр.

Өткен маусымдағы чемпион – "Атлетико" клубы 39 баллмен бесінші орында.

Ал әйгілі "Барселона" әзірге 27 ұпаймен турнир кестесінің жетінші орнында.