Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Анхель Ди Мария клубтық карьерасына қатысты бір шешімге келді

21 желтоқсан 2022, 18:14

Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария "Ювентус" клубынан кеткісі келмейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі инсайдер Никола Скираға сілтеме жасап жазды.

Инсайдердің хабарлауынша, 34 жастағы футболшыға Бразилия, БАӘ және MLS чемпионаттарынан ұсыныстар түскен.

 

Тартымды ұсыныстарға қарамастан Ди Мария "Ювентусте" қалғысы келеді. Ол 2022 жылдың жазында ПСЖ-дан туриндік командаға ауысқан еді.

 

Еске салайық, Анхель Ди Мария Аргентина командасының сапында Қатардағы мундиальда әлем чемпионы атанды. Аргентиналық ойыншы спорттық жолында "Росарио Сентраль", "Бенфика", "Реал", "Манчестер Юнайтед" және ПСЖ клубтарында өнер көрсетті.