Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Аргентина жеңісінен кейін Мессиді "қорлап" жатыр

21 желтоқсан 2022, 15:50

Францияда аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің Катардағы әлем чемпионаты финалындағы жеңісін көре алмай жүргендердің қатары жетерлік екен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі "Чемпионат"-қа сілтеме жасап жазды. 

Елдегі бір бар қожайыны 35 жастағы "Пари Сен-Жермен" шабуылшысының футболкасын кіре беріске жайып қойыпты.

 

"Аяқты сүртіп кіруді ұмытпаңыздар", - деп жазылған футболканың қасындағы тақтайшада.

 

Месси ПСЖ сапына 2021 жылы өткен болатын. Команда үшін 53 матчте ол 23 гол соғып, 29 нәтижелі пас берді. Команда мен ойыншы арасындағы келісімшарт жыл соңында бітеді.