Футбол

Армения құрамасының төртінші ойыншысы қазақстандық клубқа қосылды

  • Армения құрамасының төртінші ойыншысы қазақстандық клубқа қосылды

    Армения құрамасының төртінші ойыншысы қазақстандық клубқа қосылды

 

 Футболдан Армения құрамасының қорғаушысы Айк Ишханян карьерасын Қазақстанда жалғастырады, - деп хабарлайды ArmFootball.am.
Арменияның футбол федерациясы 30 жастағы ойыншы талдықорғандық "Жетісумен" келісімшартқа қол қойғанын хабарлады. Келісім бір жылға есептелген.

 Мұның алдында "Алашкерт" клубы Ишханянмен келісімшартты үзген болатын, бұл футболшының шетелге кедергісіз шығуы үшін жасалды. Осы маусымда ол клуб үшін Армения чемпионатында он матч өткізді.

Ишханян осыған дейін тек Арменияда ойнаған. "Алашкертке" дейін "Лори", "Гандзасар", "Мика", "Импульс", "Ширак" пен "Динамо Ереван" сапында өнер көрсетті. Армения құрамасы үшін 12 ойында бір гол салған.

Осылайша, Ишханян Қазақстан чемпионатындағы Армения құрамасының төртінші ойыншысы. Жаңа маусымда ҚПЛ-де Тигран Барсегян ("Астана"), Камо Оганесян ("Қайрат") пен Петрос Аветисян ("Тобыл") да ойнайтын болады.
 

Еске салайық, 2020 жылдан бастап ЕАЭО елдерінің (Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресей) футболшылары легионер ретінде есептелмейді.



Көрілген: 296    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.01.2020, 10:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30