Футбол

"Астана" Әзербайжандағы футболшы үшін ай сайын 21 млн теңге төлеп отырған

  • https://footballhd.kz/

    https://footballhd.kz/

"Астана" командасы Әзербайжан құрамасының жартылай қорғаушысы Ричард Алмейдамен келісімшартты үзген. Бұл туралы Azerifootball.com хабарлады.

Жартылай қорғаушы "Астана" сапына 2018 жылдың шілде айында еркін агент ретінде келген. Елорда командасы Бразилияда дүниеге келген ойыншымен 2 жылдық келісімшарт жасасқан еді.

"Астана" сапында Ричард Алмейда 19 ойынға қатысты (8-і премьер-лигада) бір гол соққан.

2019 жылдың қаңтар айында Алмейда бұрынғы командасы "Карабахқа" жалға берілді.

Аталған басылымның мәліметі бойынша, футболшы Қазақстан командасымен келісімшарт жасаған кезде жылына 1 млн еуро жалақыға келіскен. Енді, биыл "Карабахқа" жалға берген кезде де жалақысының 60 пайызын "Астана" төлеп отырған.

Яғни, 1 миллион еуроның 60 пайызы 600 мың еуро болады. Бұл теңгеге шаққанда 255 млн теңге. Сөйтіп, ай сайын елорда клубы Әзербайжанда ойнап жүрген футболшы үшін ай сайын 21 млн теңге төлеп отырған.

 Вaq.kz




Көрілген: 296    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.12.2019, 11:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29