Футбол

"Астана" Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады (ВИДЕО)

  • "Астана" ФК

"Астана" футбол клубы жаңа маусымдағы Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады. Іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында елордалық команда Клуждың ЧФР командасын 1:0 есебімен ұтты.


Ойын Нұр-Сұлтандағы "Астана Арена" алаңында өтті. "Астана" алғашқы минуттардан бастап-ақ шабуылда ширақ, қорғаныста сақ ойнады. Дегенмен алғашқы қауіпті соққыны қонақтар жасады. Сондай-ақ бірінші тайм аяқталғанға дейін Дорин Ротариу мен Марин Томасовтың гол соғатын мүмкіндіктері болған. Елордалық команда ойыншылары өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана алмады.


58 минутта "Астананың" бас жаттықтырушысы Роман Григорчук Марин Томасовтың орнына Рангело Янганы шығарды. Араға 10 минут сала ойындағы гол да соғылды. Бұрыштамадан келген допты Евгений Постников ЧФР командасы қақпасында тулатты. Осы голдан кейін есеп өзгерген жоқ.


Ойын аяқталар тұста Роман Мұртазаевтың орнына жақында ғана Францияның "Тулуза" клубынан жалға алған Фирмин Мубеле алаңға шықты. Бас-аяғы 10 минутқа жуық уақытта бірнеше рет шеберлігін көрсете білді.



Екі команда арасындағы қарымта ойын 17 шілде күні Клуж (Румыния) қаласында өтеді. Қос ойын қорытындысы бойынша басым болған клуб Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шығады. Бұл кезеңде Израильдің "Маккаби Тель-Авив" командасымен ойнайды. 




Көрілген: 341    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 23:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31