Футбол

"Астана" клубының Чемпиондар лигасындағы бірінші қарсыласы анықталды

  • © Photo: официальный сайт ФК

    © Photo: официальный сайт ФК "Астана"

Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің жеребе тастау рәсімі өтті.


Қазақстанда чемпион атанған "Астана" футбол клубы мықты команда ретінде әр топқа бөлінгендер қатарында болды. Қазақстандық клубтың алғашқы қарсыласы – Румынияның үздік командасы – Клуж-Напока қаласының ЧФР клубы. Румындар өз елінде бес рет чемпион болып, төрт рет ұлттық кубокты жеңіп алған.


Нұр-Сұлтанда іріктеу кезеңінің алғашқы матчтары 9-10 шілдеде өтсе, қарымта кездесулер 16 және 17 шілдеде Клуж-Напокада болады.


Еске сала кетсек, турнирдің өткен маусымында "Астана" клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші раундына дейін жетіп, хорватиялық "Динамодан" ұтылды.


Содан соң қазақстандық клуб Еуропа лигасының топтық турниріне қатысып, өз тобында үшінші орын алған еді.


Sputnik


 




Көрілген: 363    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 23:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30