Футбол

"Атлетико" Мессиге көз тігіп отыр

  • Сурет

    Сурет "Барселона" сайтынан алынды.

"Атлетико" командасының президенті Энрике Сересо команда Луис Суарестің қосылуына байланысты пікір білдіріп, енді ұжымға Лионель Мессиді де шақырту туралы ойы жайлы айтты. Суарес пен Месси "Барселонада" ойнап жүрген кезде өте жақын дос болған.

 

 "Бұл өмірде мүмкін емес ештеме жоқ. Егер Месси Суареспен бірге ойнаймын десе, оның біздің командаға ауысқысы келсе - онда барлығы мүмкін.

 

 "Барселонамен" Суареске қатысты келіссөз керемет өтті. Бартомеу - жақсы дос, мықты адам. Қазір "Барселонаның" жағдайы мәз емес. Бірақ Суарес бәрін дұрыс істеді. Ол өзінің қалаған командасына ауысты", - деп келтіреді Сересоның сөзін Mundo Deportivo.

 

 Еске салайық, Суарес "Барселонадан" "Атлетико" сапына еркін агент ретінде өтіп, екі жылдық келісімшарт жасады. Ол бірінші "Гранадаға" қарсы өткен бірінші матчында-ақ екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ал оның командасы 6:1 есебімен жеңіске жетті.

kaz.vesti.kz




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 17:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31