Футбол

"Атлетико" "Реалға" жеті гол салды (видео)

  • © goal.co

    © goal.co

Испаниялық "Атлетико" клубы Халықаралық чемпиондар кубогында мадридтік "Реалды" ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


АҚШ-та өткен испаниялық қос команданың ойыны 7:3 есебімен "Атлетико" пайдасына шешілді. Корольдік клубтың қақпасына бірінші гол ойын басталысымен кіріп кетті. Осылайша бірінші кезеңде "Реал" қақпасына жауапсыз бес гол кірді.


Жеңімпаз клубтың сапында Диего Коста (1, 28, 45-пенальти, 51), сондай-ақ Жоау Феликс (8), Анхель Корреа (19) және Витоло (70) мадридтік клубтың қақпасынан саңылау таба білді. Жеңілгендер жағында Хосе Начо (60), Карим Бензема (85-пенальти) және Де Ла Фуэнте (89) есепті сәл де болсада қысқартты.


Ойынның 65-ші минутында "Реал" сапындағы Даниэль Карвахаль мен "Атлетико" шабуылшысы Диего Коста алаңнан қуылды.



Айта кетейік, Диего Симеоненің командасы турнирдегі екінші кездесуін өткізді. Осыған дейін, "Атлетико" мексикалық "Гвадалахар" командасын пенальтиден (5:4) жеңді. "Реал" үшін бұл үшінші ойын. Зинедин Зидан шәкірттері "Бавариямен" кездесіп, 3:1 есебімен жеңілген еді. Ал лондондық "Арсеналды" 3:2 есебімен пенальтиден жеңді.


 




Көрілген: 240    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 18:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30