Ауыл баласы Еуропада доп тебуі мүмкін
Иә, Қызылорда облысына қарасты Қызылтам ауылының тумасы, 16 жастағы Абдулхамит Маратұлы Испанияда өтетін іріктеуге дайындалып жүр. Алғашында іріктеуге 300 бала қатысқан. Нәтижесінде, 15-і Эль-Пуэрто- де &ndash Санта- Мария қаласына барып, белгілі клубтардың 2004 жылғы жастар құрамасына қабылдану үшін бақ сынап көрмек. Абдулхамиттің анасы Айткүлдің айтуынша, оның Испанияға барып-келуі үшін 1 миллион теңгеге жуық қаржы керек. Талантты жеткіншектің ата-анасы демеуші іздеп жүр. Осы тұста біз Абдулхамит Маратұлын әңгімеге тартып, іріктеу жайлы сұрадық. Ауыл баласы алысқа қарайтын таланттардың қатарынан екенін әңгімесінен байқадық.
 
&ndash Абдулхамит, жақында Испанияда өтетін іріктеуге жолдама ұтып алғаныңды естідік. Әңгімені сол жолдамадан бастасақ&hellip
&ndash Иә, Испанияда өтетін іріктеуге жолдама ұтып алғаным рас. Алдымен, сұхбатқа шақырып, мән-жайды білуге тырысқандарыңызға рақмет. Биыл наурыз айында Алматы қаласында 17 AGENCY командасына іріктеу өтті. Іріктеуге 300-ге жуық бала жиналдық. Оның ішінен 150 бала іріктеуден өтті. Қазір 15-іміз барымызды салып, дайындалып жатырмыз. Алла қаласа, Испанияға барып, сол жақтағы бірнеше футбол клубы өткізетін іріктеуге қатысамыз. Дәлірек айтқанда, Сан Марино қаласында жаттығу жұмысын өткіземіз. Артынша сондағы «Кадис» клубының жастар құрамасына ілігу үшін бақ сынаймыз. Сонда біздің ойынымызды «Атлетико Мадрид», «Валенсия», «Реал Бетис», «Малага», «Херес» клубтарының скауттары бақылайды. Егер ұнаса, келісімшарт ұсынуы бек мүмкін. Айта кетерлігі, іріктеу 2004 жылғы жасөспірімдер арасында өтеді.
«Төсекке сүйреп, көңілдес болуды ұсынды»: Қызылорда облысында судья өзіне сот төрағасының қысым көрсетіп жүргенін айтты
Қазақстан Халық партиясы мен «Жеңіс» командасы футболдан жолдастық кездесу өткізді
Полицейлер Алматыда автосалоннан ұрланған көлікті Қызыордадан тапты
 
&ndash Анаңмен сөйлескенімізде «баламның футболға деген махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын» деді. Футболға қашаннан бастап аңсарың ауды? «Қайратта» доп тепкің келетіні рас па?
&ndash Футболға бала кезден қызығамын. Қолым қалт ете қалса допқа жүгіретінмін. Өзім Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қызылтам ауылының тумасымын. Қазір Спорт және туризм академиясында «Жаттықтырушы» мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Қызылорда қаласындағы «Қайсардың» 2004 жылғы жастар құрамасында ойнағаным бар. Кейіннен «Қайратқа» ауысқым келген. Бірақ сәті түспеді. Реті келсе, «Қайратта» өнер көрсеткім келеді. Ол үшін Испанияда іріктеуден өтіп, сол жерде бірнеше жыл тәжірибе жинасам деймін.
&ndash Демек, болашағыңды үлкен футболмен байланыстырасың ғой?
&ndash Жоғарыда айтқанымдай, Испанияға барып, мықты клубтардың бірімен келісімшарт жасау ойымда бар. Сонда қалып, шеберлігімді шыңдап, футболдың қыр-сырын үйренгім келеді. Өзімді жаттықтырған жаттықтырушылардың атын шығарып, еліміздің үлкен футболдағы мерейін өсірсем деймін. Кейінірек елге оралып, «Қайрат» пен «Қайсардың» бірінде доп теуіп, жетістіктерге жеткім келеді.
&ndash Қай клубтың жанкүйерісің?
&ndash Жалпы, «Қайсардың» аяқ-алысын бақылап жүремін. Бақтияр Зайнутдиновтің ойын мәнері ұнайды. Ал әлем футболына келсек, Месси бастаған «Барселонаның» жанкүйерімін. Оның алаңдағы әрекеті кез келгенді бейжай қалдырмасы анық.
&ndash Әңгімеңе рақмет! Испаниядағы іріктеуден өтуіңе тілектеспіз!
Сұхбаттасқан
Айзат Айдарқызы