Футбол

"Әйелімнің көзіне шөп салмадым. Салсам да ешқашан мойындамас едім" - Марадона

  • "Әйелімнің көзіне шөп салмадым. Салсам да ешқашан мойындамас едім" - Марадона

Ол алаңға шыққанда менің демім шықпай қалатын.
Экранға дәл ол сияқты мені телмірте алған адам жоқ!
Футбол әлемінде мен үшін бір-ақ адам бар! Ол - Марадона!
Ол- интеллектуал! Ол - тұлға! Ол- ғасырларда бір туатын шексіз талант иесі!
Қош бол, аңыз адам!
Диего Армандо Марадона 60 жылдық өмірін қызық сүрді деп ойлаймын. Ол тек футболшы емес, жарқын тұлға да еді. Әлем чемпионатында қолмен гол салып, «Бұл - менің қолым емес, Тәңірінің қолы» деген Ұлы футболшының ойынынан бөлек, танымал сөздерін еске ала отырайық.
«Иә, мен Рим Папасына қарсы шықтым. Бұл оқиға мен Ватиканға барғанымда, алтын күмбезді көрген кезде болды. Папаның шіркеудің кедей балалардың өміріне алаңдайтынын айтқанын естідім. Ау, ана алтын шатырды сатсаң да, бірдеңе қылсаңшы!»
"Әлемде гомосексуалистердің болғаны жақсы. Әдемі қыздар бізге көбірек қалады"
«Мен ақ болуым мүмкін, қара болуым мүмкін. Бірақ ешқашан сұр болмаймын»
«Анам мені ең үздік деп санайды. Анама қарсы шыға алмаймын»
«Допты былғаудан қорықпаңыз»
«Адамдар үшінші әлемнің шаң алаңдарында талай Бэкхем сияқты талай адам ойнап жүргенін білмейді де»
«Менің елімде саясаткерлер байып кетеді, ал халық олардан ештеңе алмайды. Мен талай рет саясатқа шақырылдым. Бірақ &bdquoжоқ&ldquo дедім. Өйткені мен адамдардан ұрлауға жарамаймын»
«Анайы әзіл &mdash мен қоректенетін нәрсе»
«Бапкерлер ешқашан жеңбейді. Жеңімпаз ретінде тек ойыншылар есте қалады»
«Мессиден гөрі Обамаға телефон шалу оңай»
«Мен емделген психиатрия ауруханасында біреу Наполеон, біреу Сан-Мартин еді. Менің Марадона екеніме ешкім сенбейтін»
«Тек екі баламды ғана мойындаймын. Далма және Джанинді. Қалғандары менің ақшам және қателіктерімнің өнімі»
"Әйелімнің көзіне шөп салмадым. Салсам да ешқашан мойындамас едім"
«Мен саясатшылардан да мықтымын негізі. Олар қоғамдық адамдар, ал мен танымалмын»
«Аргентина деген &mdash мен!"
«Егер мен өлсем, өмірге қайтадан Диего Армандо Марадона болып келемін. Мен адамдарға бақыт әкелген футболшымын, маған осының өзі жеткілікті»

Tanagoz Tolkynkyzy

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.11.2020, 18:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30