Футбол

"Барселона" әлем чемпионын басқа ойыншыға айырбастамақ

  • Сурет: Reuters

    Сурет: Reuters

Франциялық қорғаушы Самуэль Юмтити жазғы трансферлік кезеңде "Барселонадан" кетеді.

 

Sport.es мәліметі бойынша, каталониялық клуб 26 жастағы қорғаушымен қоштасуға дайын. Оның орнына клуб басқа ойыншы сатып алуға ниетті. Ал Франция құрамасының қорғаушысына "Наполи", "Лацио", "Рома" және "Торино" клубтары қызығышылық танытып отыр.

 

Сондай-ақ, Юмтитиді миландық "Интер" де сатып алғысы келген. "Барселона" басшылары болса оны Лаутаро Мартинеске алмастырып, үстінен ақша беруге дайын екен.

 

Юмтити "Барселонаға" 2016 жылы "Лионнан" ауысып келді. Биылғы маусымда ол жарақатына байланысты көп ойынға қатысқан жоқ. Жалпы биыл 18 матчте бой көрсетті. Оның келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады.

 

Айта кетейік, қорғаушы 2018 жылы Франция құрамасымен бірге Ресейде өткен әлем чемпионатында топ жарды.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 206    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.07.2020, 15:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31