"Барселона" бапкері шындықты айтты

07 сәуір 2022, 08:43

"Барселона" бас бапкері Хави соңғы кездері жанкүйерлердің "каталониялық" клубқа деген көзқарасы жақсарғанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Жанкүйерлер "Барселонамен" мақтанатындай дәрежеге жетті. Бірақ кез-келген сәтте сол жанкүйерлер сәтсіздіктен кейін бетіңе қара күйе жағады. Сондықтан, жақсы нәтиже тіркеу үшін өзімізге деген талапты әлсіретпеу керек", - дейді Хави AS басылымына берген сұхбатында.

 

Еске салайық, Хави өткен жылдың қараша айынан бастап "Барселона" клубын жаттықтырып келеді. 41 жастағы бапкер испаниялық ұжыммен 2023/2024 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасқан.

 

Әзірге "каталондықтар" турнир кестесінде 29 матчта 57 ұпаймен екінші орында тұрса, 30 ойында 69 ұпай жинаған "Реал" бірінші орында келеді.