Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Барселона" жапондық ойыншыныға қызығушылық танытып отыр

17 желтоқсан 2022, 17:25

Жапония ұлттық құрамасының және Франкфурттың "Айнтрахт" клубының жартылай қорғаушысы Даити Камада "Барселонаның" назарын аудартты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Трансфер 2022/23 маусымы аяқталғаннан кейін жүзеге асуы мүмкін. "Frankfurter Rundschau" хабарлауынша, ойыншының "Айнтрахтпен" келісімшарты аяқталып, еркін агент болғаннан кейін "Барселона" Даитиді 2023 жылдың жазында қабылдауға дайын.

 

"Барселона" басшылығының 2023 жылдың жазында трансфер жасау кезінде сүйенетін ережелердің бірі - еркін агентпен келісімшартқа отыру. Клуб қаржылық қиындықтарды бастан кешіруде, сондықтан командаға трансферлер барынша аз шығынмен жүзеге асырылады.

 

Камада Катарда өткен әлем чемпионатында төрт кездесуге қатысып, гол соққан жоқ. Клуб сапында 22 ойынға қатысып, 12 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.