Футбол

"Барселона" қақпасына гол салған футболшы қазақстандық клубты таңдады

  • Петр Гжельчак және Лионель Месси. Сурет: trojmiasto.pl

    Петр Гжельчак және Лионель Месси. Сурет: trojmiasto.pl

Бірқатар футболшы 2020 жылы бірінші лигада ойнайтын "Атырау" командасымен келісімшартын ұзартты, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Олардың қатарында екі легионер бар - польшалық форвард Петр Гжельчак, ол сегіз ойында төрт гол салды және бразилиялық қорғаушы Алекс Бруно, 11 матчте үш гол.

Сонымен бірге, "Атыраумен" келісімшартқа қол қоғайндар арасында Дәурен Қайралиев, Рафаиль Оспанов, Айболат Макуов, Ринат Жұматов пен Әділбек Жұмаханов бар.

Онымен қоса, "Атырау" жалға берген Наурызбек Жагоров ("Ақжайықта" ойнады) және Аманжол Ерасылды ("Кызыл-Жар СК") қайтарды. Барлық келісімшарт 2020 жылдың маусым соңына дейін.

Гжельчак үшін "Атырау" грециялық "Платаниастан" кейінгі екінші шетелдік клуб. 31 жастағы форвард отанында "Гурник Ленчна", "Ягеллония", "Легия", "Полония Варшава" және "Видзев" сапында ойнаған.

Гжельчак карьерасындағы ең атақты гол "Барселона" қақпасына салды - 2013 жылы 50-ші минутта "Легияны" жолдастық кездесуде алға шығарды, алайда, Лионель Месси 57-ші минутта есепті теңестірді - 2:2.

kaz.vesti.kz
 




Көрілген: 337    Пікірлер: 0

жұма, 17.01.2020, 10:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29