"Барселона" Мессиді қайтарып алу үшін келіссөз бастады

08 тамыз 2022, 16:43

"Барселона" президенті Жоан Лапорта ПСЖ сапында өнер көрсетіп жүрген 35 жастағы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді қайтарып алуға мықтап бекінді. Бұл туралы испаниялық журналис Хави Кампоса жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Лапорта аргентиналық футболшының жақындарымен келіссөз өткізіп, Мессиді 2023 жылы "Барселонаға" қайтарып алмақшы.

 

Президент Месси ПСЖ командасымен келісімшартты бұзып, "Барселонаға" бір не екі жылға келуін қарастыруда.

 

Месси "Барселонадан" 2021 жылдың жазында кеткен болатын.

 

Шабуылшы каталониялық команда сапында 520 кездесу өткізіп, 474 гол соғып, 216 нәтижелі пас берді. Бұл командамен ол 35 мәрте жүлде жеңіп, жеті мәрте "Алын доп" иегері атанды.