Футбол

"Барселона" Мессидің орнын басатын футболшыны тапты

  • Лионель Месси. Сурет: Reuters©

    Лионель Месси. Сурет: Reuters©

"Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы Самуэль Это'О каталониялық клубта Лионель Мессидің орнын кім баса алатынын айтты.

 

"Менің ойымша, Анси Фатидің болашағынан зор үміт күтуге болады. Қазіргі уақытта ол алаңда керемет дүниелерді істейді. Сондықтан да, клуб бұл футболшыны қамқорына алып, Мессидің ізбасары ретінде дайындау керек. Ол шынымен Мессидің орнын басады деп сенемін", - деп келтіреді шабуылшының сөзін Marca басылымы.

 

Ансу Фати - "Барселона" командасының тәлімгері. Ол негізгі құрамда 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. "Барселона" сапында ол өткен жылы 25 тамызда "Бетиске" қарсы кездесуде бірінші матчын өткізіп, соңғы 78 жылда каталониялық клуб сапында алаңға шыққан ең жас футболшы атанды. Өзінің бірінші голын Ансу 31 тамызда "Осасуна" қақпасына соқты. Осылайша ол команда тарихында гол соққан ең жас футболшы болды.

 

Айта кетейік, өткен жазда Мессидің командадан кететіні туралы ақпарат шыққан болатын. Бірақ сол кезде команданың президенті қызметін атқарып отырған Хосеп Мария Бартомеу 33 жастағы шабуылшының трансферін бұғаттап тастады. Аргентиналық аяқдопшының командамен келісімшарты жазда аяқталады.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 284    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 15:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30