Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Барселона" Неймарды қайта қатарына қосқысы келмейді

11 шілде 2023, 18:49

Каталонияның "Барселона" футбол клубы бразилиялық ойыншы Неймарды қайта команда қатарына қосқысы келмейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі Mundo Deportivo-ға сілтеме жасап жазды.

Басылым ақпараты бойынша футболшының агенті "блаугранаға" ұсыныс жасаған. Бірақ каталондық клуб басшылығы бұл ұсыныстарынан бас тартқан. Оған себеп – қазіргі жағдайда клуб үшін қаржылық тұрғыдан тиімсіз. Сондай-ақ әрі команданың ойын аурасына кедергі келтіруі мүмкін деген де ойда.

 

Бұған дейін Неймар қазіргі командасы ПСЖ-дан кететіні жайлы ақпарат тараған. Баруы мүмкін команданың бірі ретінде "Барселона" таңдалған еді. Ал каталондық клуб футболшының белгілі бір мөлшерде жалақысын париждік команда төлеуге келіссе алмақ болған. Неймар болса ПСЖ-да жылына 31 миллион еуро көлемінде еңбекақы алады.

 

31 жастағы бразилиялық "Барселона" сапында 2013-2017 жылдар аралығында ойнады. Кейіннен ПСЖ-ға 222 миллион еуро көлемінде келісімшартпен ауысып, рекорд жасаған-ды. Келісімшарты 2025 жылдың маусым айына дейін жарамды. Transfermarkt басылымы ойыншының трансферлік құнын 60 миллион еуроға бағалап отыр.