Футбол

«Барселона» өз алаңында «Реалмен» кездесті

  • https://sport.24tv.ua/

    https://sport.24tv.ua/

Испания чемпионатының 7-турында «Барселона» өз алаңында Мадридтің «Реал» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бүкіл әлем жанкүйерлерінің назарын аударған 2020-2021 жылғы біріншіліктегі алғашқы «эль классико» кездесуі қос команда үшін де маңызды еді.

 

Осының алдындағы турда «Барселона» «Хетафи» командасынан 0:1 есебімен жеңіліс тапса, «Реал» өз алаңында күтпеген жерден чемпионатқа биыл қосылған «Кадиске» (0:1) есе жіберген еді.

 

Содан кейін франциялық атақты футболшы әрі бапкер Зинедин Зиданның шәкірттері Чемпиондар лигасында тағы да өз алаңында «Шахтерден» (Донецк) 2:3 есебімен ұтылып қалды.

 

Егер жуық арада нәтиже шығармаса, З.Зиданның басына бұлт үйірілгендей болған.

 

Ал атақ-дәрежесі ешкімнен кем емес нидерландылық Рональд Куман өз командасын бас бапкер ретінде «Реалмен» кездесуге алғаш рет алып шықты.

 

Матчты қонақтар өте сәтті бастап, 5-минутта Карим Бенземаның пасынан кейін Федерико Вальверде есеп ашты.

 

Арада үш минут өткенде Жорди Альбаның пасын пайдаланған Ансу Фати таразы басын теңестірді. Осылайша 17 жастағы Ансу Фати «эль классико» тарихында гол соққан ең жас ойыншы атанды.

 

Ол 18 жасында гол соққан «Реал» шабуылшысы Раульдың рекордын жаңартты.

 

Екінші таймда Клеман Лангле ойын тәртібін бұзды деген себеппен төреші белгілеген пенальтиді 63-минутта Серхио Рамос дәл орындады.

 

90-минутта ойынның екінші кезеңінде алаңға шыққан Лука Модрич матч нүктесін қойып, есепті 3:1-ге жеткізді.

 

Сөйтіп 13 ұпай жинаған «Реал» командасы чемпионат кестесінде бірінші орынға көтерілсе, «Барселона» (7 ұпай) 10-сатыда қалып қойды.

 

 

 




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 09:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30