Футбол

"Барселонаға" жаңа бас бапкер келді

  • Сурет: trend.az

    Сурет: trend.az

Голландиялық бапкер Рональд Куман "Барселона" командасының бас бапкері атанды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

 

57 жастағы маманмен клуб 2022 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарт жасаған. Айта кетейік, бас бапкерлік қызметте Куман Кике Сетьеннің орнына келді. Сетьен Чемпиондар лигасында "Бавария" командасынан 2:8 есебімен жеңілгеннен кейін қызметінен кеткен еді.

 

Биыл "Барселона" жүлдесіз қалды. Бұл команда Испания біріншілігінде екінші орын алса, Испания кубогінде ширек финалда сүрінді.

 

"Барселона" Куманда бас бапкері етіп тағайындағаны үшін Нидерланды футбол федерациясына 4 немесе 5 миллион еуро береді.

 

Футболшы кезінде Куман 1989 және 1995 жылдар аралығында "Барселонаның" бас бапкері қызметін атқарды. Ол командамен төрт рет Испания чемпионы, үш рет Испания суперкубогі, бір рет Испания кубогі және біре сол кезде Еуропа чемпиондарының кубогі, ал қазір Чемпиондар лигасы деп аталатын турнирде топ жарды.

 

Бұл маман "Барселонада" бұған дейін де жұмыс істеді. Бірақ тек көмекші ретінде ғана. Кейін "Аякс", "Бенфика", ПСВ", "Валенсия, АЗ, "Фейеноорд", "Саутгемптон" және "Эвертон" секілді командалардың бас бапкері қызметін атқарды. Ол үш рет Голландия біріншілігінде топ жарған.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.08.2020, 21:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31