Футбол

"Барселонаға" кім бапкер болады?

  • https://www.championat.com/

    https://www.championat.com/

"Барселона" командасының президенті Хосеп Бартомеу жақын арада клубтың тізгінін Роналбд Куман ұстайтынын айтты.

 

"Егер барлығы ойдағыдай болатын болса, Куман "Барселонаның" бас бапкері атанады", - деп келтіреді Бартомеудің сөзін клубтың баспасөз қызметі.

 

"Месси бұған дейін талай рет карьерасын "Барсада" аяқтағысы келетінін айтқан. Ал Куман болса оның жобасының негізгі бөлігі осы Мессиге байланысты екенін мәлімдеді. Аргентиналықтың командамен 2021 жылға дейін келісімшарты бар. Лиссабондағы нашар ойынға қарамастан ол командада қалатынына сенімдімін. Месси - әлі де әлемнің үздік футболшысы. О бізбен бірге қалады", - деді президент.

 

Куман расымен "Барселона" тізгінін ұстайтын болса, команда Нидерланды футбол федерациясына 4-5 миллион еуро төлеуі керек. Себебі, ол қазір құраманың бас бапкері. Ал келісімшартты бұзу үшін жоғарыдағы сомма көлеінде айыппұл төлеуі керек.

 

Еске салайық, "Барселона" Кике Сетьенді қызметінен қуғаннан соң бас бапкерсіз қалған еді. Одан бөлек, клуб спорттық директор Эрик Абидалды да жұмысынан босатты. Биыл бұл команда бірде-бір жүлде жеңе алмады.

 

Футболы кезінде КУман 1989 және 1995 жылдар аралығында "Барселонаның" бас бапкері қызметін атқарды. Ол командамен төрт рет Испания чемпионы, үш рет Испания суперкубогі, бір рет Испания кубогі және біре сол кезде Еуропа чемпиондарының кубогі, ал қазір Чемпиондар лигасы деп аталатын турнирде топ жарды.

 

Бұл маман "Барселонада" бұған дейін де жұмыс істеді. Бірақ тек көмекші ретінде ғана. Кейін "Аякс", "Бенфика", ПСВ", "Валенсия, АЗ, "Фейеноорд", "Саутгемптон" және "Эвертон" секілді командалардың бас бапкері қызметін атқарды. Ол үшір рет Голландия біріншілігінде топ жарған.


 




Көрілген: 187    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.08.2020, 15:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31