Футбол

"Барселонаның" 17 жастағы футболшысы Мессидің рекордын қайталады

  • Ансу Фати. Сурет: Reuters©

    Ансу Фати. Сурет: Reuters©

Каталониялық "Барселона" Испания біріншілігінің үшінші турында "Вильяреал" командасын ірі есеппен ұтты.

"Камп Ноу" стадионында өткен ойын 4:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Бұл "Барселона" үшін Испания біріншілігінің жаңа маусымындағы бірінші ойын болды. Алаң қожайындарының сапында Ансу Фати (15 және 19 минут) екі гол соқса, Лионель Месси (35-минут) пенальтиді сәтті орындады. Ал 45 минутта Пау Торрес автогол соқты.

Бұл кездесу "Барселонаның" жаңа бас бапкері Рональд Куман үшін бірінші матч болды. Ол жазда Кике Сетьеннің орнына келген болатын.

MisterChip твиттер парақшасының хабарлауынша, 17 жастағы Фати соңғы сегіз жылда ойынның 20 минутына дейін дубль жасаған "Барселонаның" бірінші футболшысы атанды. Сондай-ақ ол жалпы мұндай көрсеткішке қол жеткізген бесінші ойыншы. Бұған дейін 20 минутқа дейін дубльді Марти Вентольре (1933 жыл), Шандор Кочиш (1961), Лафос Бустильо (1969) және Лионель Месси (2012) жасаған.

kaz.vesti.kz




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.09.2020, 23:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 21:20
    ӨЛМЕЙДІ МАРАДОНА!!!
    26 Қараша, 20:32
    Марадона деген екен...
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30