"Бавария" басшылығы Левандовскийді тек бір жағдайда жібереді

20 сәуір 2022, 08:29

"Бавария" басшылығы Роберт Левандовскийді тек бір жағдайда басқа клубқа жібіреді, деп жазады Kicker басылымы, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Польша құрамасының шабуылшысы неміс клубымен 2023 жылдың жазына дейін келісімшарт жасасқан.

 

Ол уақытқа дейін Левандовский басқа командаға кететін болса алатын клуб ол үшін 40 миллион еуро төлеу керек. "Бавария" сол кезде ғана өзінің ең үздік сұрмергенін жіберуге дайын.

 

Еске салайық, 2014 жылдан бері мюнхендіктер сапында Роберт 249 матчта 235 гол соқты. "Бавариямен" бірге Бундеслиганың жеті дүркін чемпионы атанды.