"Реал" шабуылшысы, "Алтын доп – 2022" жеңімпазы Кәрім Бензема финалға шыққан Франция құрамасының сапында алаңға шығуы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы vesti.kz тілшісі AS ақпапр көзіне сілтеме жасап жазды.
Белгілі болғандай форвард жарақатына байланысты Қатардағы әлем чемпионатында командасының сапында өнер көрсете алмады.
Қазіргі таңда мадридтік клуб егер футболшы қаласа, Қатарға барып ұлттық құрамасына қосылуына мүмкіндік беріп отыр.
Еске салайық, турнирдің финалында Франция мен Аргентина командалары кездеседі.
Финал 18 желтоқсанға жоспарланған.