Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бензема Франция құрамасына қатысты шешім қабылдады

20 желтоқсан 2022, 09:59

Франциялық шабуылшы Карим Бензема Франция құрамасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Реал" шабуылшысы бұл туралы Twitter желісінде жазды.

"Бүгінгіме жету үшін тер төктім, қателіктер жасадым, осы жеткенімді мақтан тұтамын! Мен өз тарихымды жаздым, ал біздің тарих тәмәм болды", - деп жазыпты Бензема. 


Бензема Франция құрамасы үшін 97 матч өткізіп, 37 гол салған болатын.

Шабуылшы Катардағы әлем чемпионатына жарақат алып бара алмай қалды, алайда жарасы жазылғаннан кейін Карим мундиальдің шешуші ойындарына шақырту алмады. Бензема осы үшін бас бапкер Дидье Дешамға ренжіген ұқсайды.