Футбол

Боратпен қазақстандықтар намысына тиген футболшы жаңа клубқа кетті

  • Лукас Подольски / Фото: © Getty Images

    Лукас Подольски / Фото: © Getty Images

Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Лукас Подольски түркиялық "Антальяспор" командасына қосылды, - деп хабарлайды клуб твиттер желісі арқылы.

34 жастағы германиялықпен келісімшарт бір жарым жылға есептелген. Футболшының жаңа клубы 18 тур қорытындысы бойынша 18 команда арасында 16-шы келеді.

Подольски Түркияда бұрын да "Галатасарай" үшін ойнаған - 2015 пен 2017 жылдар аралығы. Чемпионатта ол 56 матчте 20 гол салды және 16 ассист жасады. Осылайша ыстамбұлдық клубқа ел Кубогы мен Суперкубогын ұтып алуға көмектесті.

Айта кетейік, 2015 жылы Чемпиондар лигасының жеребесінде "Галатасараймен" бір топқа "Астана" түскенде футболшы әлеуметтік желіде Бораттың суретін жариялаған. Кейін ол бұл посты үшін кешірім сұрады, ал Қазақстандағы матчте футболшыға көрермендер жақтырмағанын білдіріп, ысқырған болатын. Алаңнан кетіп бара жатып Подольски ызаланғаннан су тұрған шөлмекті теуіп кеткен, дегенмен, ойыннан кейін ысқырық бөгет болмады деп мойындамады.

 kaz.vesti.kz




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 16:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31