Футбол

"Челси" - "Арсенал" арасындағы Еуропа лигасының финалына тікелей трансляция

  • © Football.ua

    © Football.ua

Бүгін, 29 мамыр түнде лондондық "Челси" және "Арсенал" арасында Еуропа лигасының шешуші матчі өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Кездесу Әзірбайжан астанасы Бакудегі "Олимпийский" стадионында өтеді. Ойынды QazSport арансы тікелей эфирде көрсетеді, трансляцияның басталуы астана уақытымен 00:50. Тікелей трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді.


Бас төреші италиялық Джанлука Рокки. Биылғы маусымда ол Чемпиондар лигасының алты матчінде қызмет етті.


2010 жылы Рокки төртінші рефери ретінде "Атлетико" мен "Фулхэм" арасындағы Еуропа лигасының финалды матчінде қызмет еткен, ал 2017 жылы "Аякс" пен "Манчестер Юнайтед" арасыдағы ойында. Бірнеше айдан кейін ол "Манчестер Юнайтед" пен "Реал" арасындағы УЕФА Суперкубогы үшін матч арбитры болды.


Бұл Еуропа лигасында VAR (төрешінің видео көмекшісі) жүйесі қолданылатын алғашқы ойын болады. Қосымша уақыт берілген жағдайда командаларға ойыншы алмастыру мүмкіндігі қайта беріледі.


Жеңіске жеткен команданың футболшылары мен бапкерлер штабы үшін 40 жүлде бөлінеді. Сонымен бірге, жеңімпаз команда Чемпиондар лиагасы 2018/19 маусымының топтық кезеңіне жолдама алады.  




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.05.2019, 21:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31