Футбол

«Челси» Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының биылғы жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Финалда Англияның «Манчестер Сити» және «Челси» командалары кездесті.

 

Ойын барысы қос команданың толассыз шабуылымен ерекшеленді. Екеуі бір-бірінің қақпа маңында жиі бой көрсетті.

 

Кездесудің 42-минутта Кай Хаверц «Манчестер Сити» қақпасынан саңылау тапты. Осылайша «Челси» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

 

Олар бұдан бұрын бір мәрте аталған турнир жеңімпазы атанған болатын. 2012 жылы Германияның «Бавария» командасымен финалда кездесіп, негізгі кезеңде 1:1 есебімен тең түсті. Ал пенальтиден олардың жолы болып, алғаш рет Чемпиондар лигасының кубогын төбесіне көтерген еді.

 

Ал 2008 жылы финалда Англияның «Манчестер Юнайтед» клубына жол беріп қойды.

 

«Манчестер Сити» биыл тұңғыш рет финалға дейін жетіп отыр. Аталған клуб бұған дейін мұндай кезеңге дейін жете алмаған болатын.

 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.05.2021, 03:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31