Футбол

Чемпиондар лигасы 1/8 финалында "Тоттенхэмнің" жолы болмады

  • © sport.tvp.pl

    © sport.tvp.pl

Ақпанның 19-нан 20-на қараған түні Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы тағы төрт команданың бірінші ойындары өтті, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

 

Англиялық "Тоттенхэм" Лондонда германиялық "РБ Лейпцигтен" ұтылды - 0:1. 58-ші минутта форвард Тимо Вернер қорғаушы Бен Дэвистің фолы үшін белгіленген пенальтиді сәтті орындады.

 

Қатар өткен ойында италиялық "Аталанта" испаниялық "Валенсияны" ойсырата жеңді - 4:1.

 

"Антланта" сапында 16-шы және 62-ші минутта голландиялық қорғаушы Ханс Хатебур дубль жасады, 42-ші минутта словениялық Йосип Иличич, ал 57-ші минутта швейцариялық Ремо Фройлер гол салды. Сонымен бірге, хорватиялық Марио Пашалич екі асситпен көзге түсті.

 

"Валенсия" 66-шы минутта ғана бір гол соқты. Авторы 64-ші минутта алаңға шыққан Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Денис Черышев.

 

Мұның алдындағы 1/8 финалдың екі матчінде испанялық "Атлетико" англиялық "Ливерпульді" ұтқан - 1:0, ал германиялық "Боруссия" (Дортмунд) франциялық ПСЖ клубын жеңді- 2:1.

 

Келесі аптада "Реал" (Испания) - "Манчестер Сити" (Англия), "Челси" (Англия) - "Бавария" (Германия), "Лион" (Франция) - "Ювентус" (Италия) және "Наполи" (Италия) - "Барселона" (Испания) жұптарының бірінші ойындары өтеді. 




Көрілген: 151    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.02.2020, 10:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30