Футбол

Чемпиондар лигасы: "Ақтөбе" Тбилисидің "Динамосын" тас-талқан қылды

  • Чемпиондар лигасы:

    Чемпиондар лигасы: "Ақтөбе" Тбилисидің "Динамосын" тас-талқан қылды

"Ақтөбе" футбол клубы УЕФА Чемпиондары лигасының екінші електік сатысынан сүрінбей өтіп, Тбилисидің әйгілі "Динамосын" өз алаңында 3:0 есебімен тас-талқан қылды, - деп сүйінші сұрайды "Алаш айнасы"

Өткен маусымдағы Қазақстан чемпионы УЕФА Чемпиондары лигасының екінші електік сатысындағы қарымта кездесуін өз алаңында, яғни Ақтөбеде өткізген.

"Жығылған күреске тоймайды" дегендей, өз алаңында 0:1 есебімен ұтылып қалған Грузия чемпионы "есемізді қайтарамыз, Ақтөбеде жеңеміз" деп кіжінді.

Бірінші таймда Грузиядан келген қонақтарымыз алға қарай лап қойып, гол соғуға тырысты. Бірақ оған "Ақтөбе" көне қойсын ба?! Сауатты түрде қорғанып, қонақтардың аптықтарын басты.

Шабуылдары мандымаған Грузия футболшылары ашуға булығып, қит етсе, жұдырықтарын ала жүгіруге көшті. "Ақтөбенің" бұған да жауабы дайын еді. Үш гол соғып, ашу-ызадан жарыла жаздаған тбилисиліктерді сабаларына түсірді...

Бірінші голды Алексей Антонов соқты. Марат Хайруллиннің тамаша пасын асқан шеберлікпен қақпа бұрышына тоғытты.

Екінші гол мүлде қызық соғылды. Тбилисліктердің қақпшысы һәм капитаны асығып допты алға асырмақ болғанда, тепкен добы Игорь Зеньковичке тиіп, қақпа ішінде тулады.

Ал үшінші голды өзіміздің қазақтың жігіттері соқты деуге болады. Асхат Тағыберген алға тепкен допты Марат Хайруллин Абат Айымбетовтың аяғына салып берді. Ал Абат оны қақпаға дәл теуіп, үшінші голдың авторы атанды.

3:0! Бұған Тбилисидегі бір голды қосамыз. Жалпы есеп – 4:0. "Ақтөбе" – Чемпиондар лигасының үшінші електік сатысында!

Әйгілі, мақтаулы Тбилисидің "Динамосы" Қазақстан чемпионының қақпасына бірде-бір гол соға алмай пұшайман болды. Грузия чемпиондары тек ескерту алып, ойын тәртібін бұзумен ғана көзге түсті.

Осы жерде айта кетуге тиіспіз, "Ақтөбенің" жаңа бапкері Владимир Газзаев алаңға тың ойыншылар, қазақ жігіттерін қосып, ойынды одан әрі қыздыра түсті. Олар да өз кезектерінде бас бапкер сенімін ақтап шықты.

"Ақтөбе" (Қазақстан) – "Динамо" (Тбилиси, Грузия) – 3:0

Голдар: Антонов, 75. Зенькович, 82. Айымбетов, 95.

Ескертулер: Антонов, 15. Мулдаров 45+2 – Циско, 45+2. Тотадзе, 57. Хурцилава, 61. Лория, 65. Вухо, 91.

"Ақтөбе": Сидельников, Мулдаров, Мирошниченко, Арзуманян, Андерсон Сантана, Царикаев, Пиззелли (Тағыберген, 83), Хайруллин, Коробкин, Неко (Айымбетов, 86), Антонов (Зенькович, 81).

"Динамо" (Тбилиси): Лория, Хурцилава, Тотадзе, Досоудил, Гвелесиани, Меребашвили (Марцваладзее, 63), Григалашвили, Папава (Вухо, 77), Циско, Дзария, Хорда

Бас төреші: Алияр Агаев (Әзірбайжан)

Бірінші ойын – 1:0.


Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1413    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.07.2014, 10:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31