Футбол

Чемпиондар лигасы: "Астана" алғашқы айналымнан өте алмады (видео)

  • ©

    © "Астана" ФК

"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасын ерте аяқтады. Румынияның ЧФР командасын өз алаңында ұтқанмен, қарымта ойында қарсылық таныта алмады.


Екі команда арасындағы қарымта ойын Клуж-Напока қаласында өтті. Жасыл алаңдағы кездесуде бірінші болып Роман Мұртазаев гол соғып, елордалық команданы алға шығарған. Алайда алаң иелері көп уақыт созбай, есепті теңестіріп кетті. Билель Омрани баспен бағыттаған доп Ненад Эрич қорғаған қақпада тулады.


26 минутта Евгений Постниковтың аяғына тиген доп екінші рет "Астана" қақпасына енді. Бұл тұста да Ненад Эрич командасын голдан құтқарып қала алмады.


ЧФР Клуж ойындағы жеңіс голын 73 минутта соқты. Билель Омрани дубль жасап, командасын екінші іріктеу кезеңіне алып шықты.


 


Екі ойын қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жеткен румындық команда екінші кезеңде Израильдің "Маккаби тель-Авив" командасымен кездеседі. Ал "Астана" еурокубок ойындарын Еуропа лигасында жалғастырады. Андорраның "Санта-Колома" клубымен ойнайды. Бірінші ойын 25 шілде күні Андоррада өтсе, қарымта кездесу араға бір апта сала Нұр-Сұлтанда болады.


kaz.vesti.kz


 




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.07.2019, 10:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31