Футбол

Чемпиондар лигасы: Жартылай финалға шыққан алғашқы команда анықталды

  • Чемпиондар лигасы: Жартылай финалға шыққан алғашқы команда анықталды

    Чемпиондар лигасы: Жартылай финалға шыққан алғашқы команда анықталды

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, Чемпиондар лигасының қалған бөлігі Португалия астанасы - Лиссабон қаласында өтеді. Ол сегіздік финалы форматында болады. Ойындар - 12-23 тамыз аралығында.

Ширек финал «Аталанта» (Италия) және «Пари Сен-Жермен» (Франция) командалары арасындағы кездесуден басталды. Жанкүйерлер жеңіске франциялық клуб жетеді деген жорамал жасаған болатын. Десе де «Аталанта» оңай шағылатын жаңғақ емес екенін аңғартты.

Алғашқыда ойын тізгінін «Пари Сен-Жермен» ұстауға тырысты. «Аталанта» қарымта шабуылға шығуға назар аударды. Ойынның 26-минутында олардың қатарынан Мапио Пашалич гол соғып, өз командасын алға шығарды. Бірақ бұл есепті ойын соңына дейін ұстап тұра алған жоқ. Кездесудің тоқсан минут түгесілер тұсында «Пари Сен-Жермен» сапынан алдымен Маркиньос, одан кейін Эрик Шуло-Мотинг гол соғып кетті. Қарсыласынан 2:1 есебімен басым түскен «Пари Сен-Жермен» жартылай финалға жолдама алды. Бұл команда енді 18 тамызда «Лейпциг» (Германия), «Атлетико Мадрид» (Испания) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Енді 13-15 тамызда ширек финалдың қалған ойындары өткізіледі. Алдымен 13 тамызда «Лейпциг» (Германия), «Атлетико Мадрид» (Испания) командалары кездеседі, Ал 14 тамызда «Барселона» (Испания) мен «Бавария» (Германия), 15 тамызда «Манчестер Сити» (Англия) мен «Лион» (Франция) командалары шеберлік байқасады. Жартылай финал 18-19, финал 23 тамыз күндері өткізіледі.




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.08.2020, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31