Футбол

Чемпиондар лигасы: «Реал» өз алаңында жеңіліп қалды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық кезеңінің алғашқы ойындары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Испанияның «Реалы» өз алаңында Англияның «Манчестер Сити» клубын қабылдады. Екі ұжым да жеңіске жету жолында тынбай тер төкті. Бірінші кезең олардың алма-кезек шабуылымен өрбіді. Десе де бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

«Сити» шабуылшысы Габи Жезус қақпашымен бетпе-бет шыққан. Алайда оның соққысын қақпашы қайтарды.

Бірінші таймда қонақтардың қорғаушысы Аймерик Ляпорт жарақат алып, алаңнан кетті.

 

Екінші тайм «Манчестер Ситидің» басымдығымен өтті. 59-минутта қарымта шабуыл кезінде «Реал» есеп ашқан. Қорғаушыларды алдап өткен Винисиус Жуниор әріптесі Искоға пас берді. Соңғысы қателескен жоқ. Есеп – 1:0!

 

Қарымта шабуылдардың бірінде ағылшындық клубтың ойыншысы Габи Жезус таразы басын теңестіріп кетті. Ол айып алаңына асырылған допты қақпаға баспен кіргізді.

Мұнан соң Кевин де Брюйне пенальтиден көзге түсіп, есепті 1:2 қылды.

 

Ойын соңына таман бас төреші «Реал» капитаны Серхио Рамосты тәртіп бұзғаны үшін алаңнан қуды.

 

Қатар өткен «Лион»-«Ювентус» матчында француздар басым болды. Кездесудегі жалғыз голды Тузар соқты. Осылайша, Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық кезеңінің алғашқы ойындары аяқталды.

 




Көрілген: 131    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 09:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30