"Чемпиондар лигасында күтеміз!". УЕФА "Қайраттың" чемпиондығына қатысты
Еуропалық футбол қауымдастықтарының кеңесі (УЕФА) "Қайрат" футбол клубының Қазақстан чемпионатындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
 
"Қайрат" 16 жылдан кейін өзіне чемпиондықты қайтарып алды! Чемпиондар лигасында күтеміз! Бірінші фотодағы ойыншыны таныдыңдар ма? Ол Вагнер Лав: 13 матчте 7 гол, 5 ассист", - делінген твиттер хабарламасында.
 
 
Еске салайық, кеше "Қайрат" Алматының Орталық стадионында "Ордабасы" командасын ұтып, мерзімінен бұрын чемпион атанды.