Чемпиондар лигасының осы маусымындағы үздік бомбардирі кім

29 мамыр 2022, 15:03

"Реалдың" француз шабуылшысы Карим Бензема Чемпиондар лигасында үздік бомбардир атанды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі RBK сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Бензема Чемпиондар лигасының осы маусымда 15 гол соқты. Екінші орында "Бавария" шабуылшысы поляк Роберт Левандовски (13), үшінші орында - "Аякс" шабуылшысы Себастьен Аллер (11).

 

Осы маусымдағы барлық турнирде Бензема мен Левандовски ғана 40 голға жетті.

 

Бензема - Чемпиондар лигасы тарихындағы төртінші бомбардир (140 матчте 86 доп). Бұл тізімде португалиялық Криштиану Роналду (140), аргентиналық Лионель Месси (125) және Левандовски (86) көш бастап тұр.

 

Vesti.ru мәліметінше, Чемпиондар Лигасы финалының үздік ойыншысы Тибо Куртуа атанды. "Реалдың" бельгиялық қақпашысы "Ливерпульдің" барлық тоғыз соққысын қағып алды. Мадридтіктерге барлығы 23 соққы жасалды.

 

Еске салайық, финалдық матчте "Реал" "Ливерпульді" 1:0 есебімен жеңді.