Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтетін 16 команданың он бесі анықталды

12 желтоқсан 2018, 15:06

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өткен тағы үш команда анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Топтық кезеңдегі соңғы - алтыншы турдың бірінші күіннің қорытындысы бойынша франциялық ПСЖ және англиялық "Ливерпуль" мен "Тоттенхэм" 1/8 финалға жолдама алды.

А тобында 13 ұпаймен бірінші орында дортмундтық "Боруссия" - германиялық клуб ұпай есебімен испаниялық "Атлетикодан" асып түсті. Алты ұпай жинаған бельгиялық "Брюгге" Еуропа лигасының 1/16 финалына өтті, ал "Монако" жалғыз ұпаймен соңғы болды.

B тобында "Барселона" 14 ұпаймен мерзімінен бұрын жолдама иеленді. Оның артынан плей-оффқа "Тоттенхэм" өтті, ол гол саны бойынша итальянлық "Интерден" басым. Ал голландиялық ПСВ екі ұпай жинап, еурокубоктардағы ойынын аяқтады.

С тобында көшбасшы ПСЖ (11 ұпай). "Ливерпуль" мен "Наполиде" тоғыз ұпайдан. Алайда гол саны бойынша басым англиялық клуб плей-оффқа өтті, ал итальялық клуб Еуропа лигасына жолдама алды. Бұл топта төрт ұпай жинаған сербиялық "Црвена Звезда" соңғы болды.

Сонымен бірге, бесінші турда плей-оффқа D тобынан "Порту" мен "Шальке" жолдама алған: португалиялықтар 16 ұпаймен бірінші, немістер 11 ұпаймен екінші. Үшінші түркиялық "Галатасарай" (4), ал мәскеулік "Локомотив" соңғы (3).

Осылайша, қазіргі таңда Чемпиондар лигасының 1/8 финалына "Боруссия", "Атлетико", "Барселона", "Тоттенхэм", ПСЖ, "Ливерпуль", "Порту", "Шальке", "Бавария" (Германия), "Аякс" (Голландия), "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед" (екеуі де Англия), "Реал" (Испания) және италиялық "Рома" мен "Ювентус" өтті.

Жетоқсанының 12-нен 13-не қараған түні плей-оффқа өтетін соңғы команда анықталады. F тобындағы донецк "Шахтеры" мен "Лион" Киевте ойнайды. Қазір франциялық клубта жеті ұпай, ал украиналықта - бес.