Футбол

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталды

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі соңғы турының ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бельгияда «Брюгге» командасы испаниялық «Реал Мадрид» ұжымын қабылдады. Ойынның бірінші бөлігі қонақтардың басымдығымен өтті. Лука Йович, Иско сынды футболшылар есеп ашатын сәттерді мүлт жіберді.

Бас төреші бірнеше рет тәртіп бұзған 4 аяқ-доп шеберіне ескерту қағазын көрсетті.

Екінші таймда «Реалдың» жас шабуылшысы Родриго таблодағы есепті өзгертті. Есеп 0-1! Ал 54-минутта Ванакен таразы басын теңестірді. Алайда бразилиялық Винисиус мадридтік клубты алға шығарды. Ойын соңына таман Лука Модрич командасының үшінші голын соқты. Қорытынды нәтиже —0:3.

Бүгінгі түннің басты жаңалығы — Италия өкілі «Аталанта» командасының өз тарихында бірінші рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығуы.Олар Украина чемпионы «Шахтёрді» 0:3 есебімен ұтты. Нәтижесінде украиналықтар Еуропа Лигасына түсіп қалды.

Айта кетейік, бұған дейін С тобында сынға түсіп жатқан Англияның «Манчестер Сити» командасы сырт алаңда Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубымен шеберлік байқасты. Осылайша, бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі аяқталды.

Финалдық кезең келесі жылы өтеді.

 




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.12.2019, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31