Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Чемпиондар лигасының үздік футболшысы анықталды

31 мамыр 2022, 19:10

"Реал" шабуылшысы Карим Бензема 2021/2022 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының үздік футболшысы атанды. Бұл туралы vesti.kz тілшісі УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Бензема биыл турнирдің үздік сұрмергені атанды. Ол 12 кездесу өткізіп, 15 гол соқты. 15 голдың шабуылшы 10-ын плей-офф кезеңінде салды. Сонымен қатар, 34 жастағы Бенземаның еншісінде бір нәтижелі пас бар.

 

Шабуылшы орташа есеппен бір кездесуде 10,13 километр жүгірген. Ал оның Чемпиондар лигасындағы ең жоғары жылдамдығы сағатына 32 километр болған.

 

 

Еске салайық, биыл ЧЛ финалында "Реал" ағылшындық "Ливерпуль" командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор соқты.