ЧЛ: "Астана" тбилисилік "Динамоны" тізе бүктірді

20 шілде 2023, 09:31

Елордалық "Астана" УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымтаойынында сырталаңда тбилисилік "Динамоны" 2:1 есебімен ұтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу Борис Пайчадзе атындағы "Динамо Арена" стадионында өтті. Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. 21-минутта "Динамо" шабуылшысы Усман Камара гол соқты.

 

Үзілістен кейін "Астана"ойынның бағытын өзгертті. Алдымен 50-минутта Абзал Бейсебеков есепті теңестірсе, араға бір минут салып Дембо Дарбо командасыналға шығарды.

 

Еске салакетейік, командалардың Қазақстандағы алғашқы кездесуі "Астана Аренада" өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.

 

Осылайша, "Астана" жалпы есепте 3:2 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтсе, "Динамо" Чемпиондар лигасынан шығып қалды.

 

Екінші турда "Астана"Загребтің "Динамосымен" ойнайды. Бірінші ойын 25/26 шілдеде, ал қарымта ойын 1/2 тамызда өтеді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz