Футбол

ЧЛ: «Барселона» «Бавариядан» ойсырай жеңілді

  • Фото Reuters

    Фото Reuters

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алғашқы тур ойындары екі күнге белгіленген. 14 қыркүйекте E, F, G, H топтарында ойындар өткізілді . Жанкүйерлер E тобындағы «Барселона» (Испания) мен «Бавария» (Германия) кездесуіне көз тікті.

 

Ойын барысында неміс футболшылары алаң иелері қақпасына жауапсыз үш гол соғып кетті. Ойынның 34-минутында Томас Мюллер мергендік танытса, одан кейін Роберт Левандовски 56, 85-минуттарда қос голдың авторы атанды.

 

Бұл топта тағы бір ойында «Динамо Киев» (Украина) мен «Бенфика» (Португалия) 0:0 есебіне қанағат білдірді.

 

Сондай-ақ, қазақстандық жанкүйерлер бүгін H тобындағы «Челси» (Англия) «Зенит» (Ресей) командасын 1:0 есебімен жеңсе, «Мальме» (Швеция) өз алаңында «Ювентус» (Италия) клубынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

 

F тобында «Янг Бойз» (Швейцария) бен «Манчестер Юнайтед» (Англия) командасынан 2:1 есебімен басым түссе, «Вильрреал» (Испания) мен «Аталанта» (Италия) 2:2 еесбімен тең түсті.

 

Ал G тобында «Севилья» (Испания) мен «Ред Булл» (Австрия) 1:1, «Лилль» (Франция) мен «Вольфсбург» (Германия) 0:0 есебімен тең түсті.

 

Бүгін 15 қыркүйекте А, В, С, D топтарындағы командалар алғашқы тур ойындарын өткізеді.

 

 

 




Көрілген: 168    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 11:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30