Футбол

ЧЛ: "Бавария" "Челсиді" тас-талқан етті, ал "Барселона" италиялық "Наполиді" ұта алмады

  • © UA-Football

    © UA-Football

Ақпанның 25-нен 26-на қараған түні Чемпиондар лигасы 1/8 финалының бірінші ойындары өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Англиялық "Челси" өз алаңында германиялық "Бавариядан" ойсырай ұтылды - 0:3. 51 және 54-ші минутта Серж Гнабри дубль жасады, ал 76-шы минутта Роберт Левандовски гол салды. Ойынның соңында "Челси" азшылықта ойнады - 83-ші минутта Маркос Алонсо алаңнан қуылған еді.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Қатар өткен матчте италиялық "Наполи" өз алаңында испаниялық "Барселонамен" тең ойнады - 1:1. 30-шы минутта Дрис Мертенс алаң иелерін алға шығарды, алайда, каталондықтар 57-ші минутта Антуан Гризманның голымен жауап бере алды. Бұл ойын да қызыл қағазсыз өтпеді - 89-шы минутта "Барселона" хавбегі Артуро Видаль алаңнан шығарылды.

 

Ақпанның 26-нан 27-не қараған түні "Лион" (Франция) - "Ювентус" (Италия) және "Реал" (Испания) - "Манчестер Сити" (Англия) ойындары өтеді. Екі ойын да Қазақстан астанасының уақытымен 02:00-де басталады.

 

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының осының алдындағы матчтерде "Тоттенхэм" германиялық "РБ Лейпцигтен" ұтылды - 0:1, италиялық "Аталанта" испаниялық "Валенсияның" тас-талқанын шығарды - 4:1, испаниялық "Атлетико" англиялық "Ливерпульді" ұтты - 1:0, "Боруссия" (Дортмунд) франциялық ПСЖ командасынан басым болды - 2:1.

 

Қарымта матчтер наурыздың 5-6 және 12-13-не қараған түні өтеді. Жеңімпаздар Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шығады.

 




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.02.2020, 09:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31