Футбол

ЧЛ: Бірнеше команда плей-офф кезеңіне шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-тур ойындары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы күннің басты ойыны Испанияда А тобындағы «Реал Мадрид» және «ПСЖ» арасындағы кездесуі болды.

Мадридтіктер Париждегі ойында 3:0 есебімен ойсырай жеңілгендіктен, бүгін сол кеткен есесін қайтарып, психологиялық жағынан бекіп алмақ болғаны байқалды. Кәрім Бенземаның 17, 79-минуттарда соққан қос голынан кейін шынымен есе қайтаратындай-ақ көрініп еді. Бірақ испандар қолда тұрған жеңісін ұстап қала алған жоқ. Екі минутта екі гол соққан қонақтар есепті теңестіріп, ойын 2:2 есебімен аяқталды.

А тобының бұған дейін өткен ойынында Ыстанбұлдың «Галатасарайы» Брюссельдің «Брюггесімен» тең ойнаған болатын. Сондықтан топтық кезең аяқталарға 1 тур қалғанда, «ПСЖ» 13, «Реал Мадрид» 8 ұпаймен келесі айналымға жолдама алды. «Брюгге» 3 ұпаймен үшінші орында келеді, ал түріктер 2 ұпаймен соңғы орында қалып отыр.

В тобында «Бавария» «Црвена Звездаға» жауапсыз 6 гол соқты. Мюнхен ұжымы өткен турда-ақ келесі айналымға шыққан. Қазір олар 15 ұпаймен бірінші орынға нық жайғасты.

Ал кеше ғана бапкерін алмастырған Лондонның «Тоттенхэмі» өз алаңында «Олимпиакосты» қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Жозе Моуриньо шәкірттері 10 ұпаймен келесі айналымға жолдама алды. «Црвена Звездада» 3, «Олимпиакоста» 1 ұпай бар.

С тобында «Манчестер Сити» өз алаңында Донецкінің «Шахтерін» қабылдап, 1:1 есебінде тең ойнады. «Динамо Загреб» «Аталантадан» жеңілгендіктен, 11 ұпаймен «Сити» келесі айналымға жолдама алды. «Шахтерда» 6, «Динамода» 5, «Аталантада» 4 ұпай бар. Соңғы турда осы үш команда келесі айналымға шығу үшін қиян-кескі күрес жүргізсе таңғалмас едік.

D тобында «Ювентус» келесі айналымға шығу мәселесін өткен турда оңды шешкен болатын. Маурицио Сарри шәкірттері өз алаңында «Атлетико Мадридті» 1:0 есебінде жеңіп, ұпайы санын 13-ке жеткізді. Мадрид командасында қазір 7 ұпай бар. Мәскеуде «Локомотивті» 0:2 есебімен жеңген Леверкузеннің «Байері» 6 ұпаймен мадридтіктерді өкшелеп келеді. «Локо» 3 ұпаймен соңғы орында қалып қойды.

Айта кетейік, 5-турдың қалған 8 ойыны бүгін өтеді.

 




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 09:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31