Футбол

ЧЛ: «Қайрат» тұңғыш рет жарыстың екінші сатысына жолдама алды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматының «Қайраты» UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысына жолдама алды. Алматылық клуб бүгін өз алаңында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Еске салсақ, екі команда 7 шілдеде Израильдегі кездесуде 1:1 есебінде тең ойнаған болатын.

 

Сондықтан бүгін жеңіске жеткен клуб жарысты жалғастыруға мүмкіндік алатын еді. Ойын басынан қазақстандық клуб қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде 10-минутта бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав «Қайратты» алға шығарды.

 

Екінші кезеңде Айбол Әбікен 66-минутта өзінің мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

 

Бұдан кейін де қос команда тарапынан есепті өзгертетін бірнеше сәт болған еді.

 

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен жеңіп, екінші іріктеу сатысына жолдама алды.

 

Еске салсақ, «Қайрат» бұдан бұрын аталған доп додасында 2005/06 жылғы кезеңде бақ сынады. Бірінші іріктеу сатысында Словакияның «Артмедиа» клубын алдымен 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін сырт алаңда қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберіп қойды. Жарыстың келесі сатысына «Артмедиа» жолдама алды.

 

«Қайрат» жарыстың екінші сатысына тұңғыш рет жолдама алып отыр. Енді «Қайрат» жарыстың екінші сатысында 22 және 27 шілде күндері Сербияның «Црвена Звезда» командасымен кездеседі.

 

Аталған ұжыммен алматылық клуб 2015/16 жылғы кезеңде Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысында қапы қалдырған (2:0, 1:2) еді.

 




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.07.2021, 22:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30