Футбол

ЧЛ: Қазақстандық қыздар клубы 1/8 финалына өтті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Футболдан шымкенттік «БИИК-Қазығұрт» клубы әйелдер Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстандық клуб лиганың 1/16 финалының қарымта кездесуін Харьковтың «Жилстрой-2» командасымен Шымкентте өткізді.

 

Харьковта өткен бірінші ойында украиналық қыздар 2:1 есебімен басым түскен болатын. Қазақстандықтарға қарымта қайтарып, келесі кезеңге өту үшін кемінде бір гол соғып, өз қақпасын аман алып қалу керек еді.

 

Бүгінгі бәсекеде 35-минутта «БИИК-Қазығұрт» командасының капитаны Кәмила Құлмағамбетова соққан доп шымкенттік қыздарға жеңіс әперді &ndash 1:0.

 

Осылайша қазақстандық клуб сырт алаңда соғылған гол есебінен чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті.

 

Бұл кезеңнің жеребесі алдағы жылдың 16 ақпанында тартылып, шымкенттік қыздардың қарсыласы анықталады.

 

Матчтар 3-4 және 10-11 наурызда өтеді.

 

Финал 16 мамырда Швецияның Гетеборг қаласындағы «Гамла Уллеви» стадионында болады.

 

 

 

 

 




Көрілген: 200    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.12.2020, 21:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30