Футбол

ЧЛ: «Ливерпуль» жарыс жолынан шығып қалды

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық сатысында Анлияның «Ливерпуль» клубы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ливерпуль» өз алаңында Испанияның «Атлетико» (Мадрид) командасымен шеберлік сынасты.

 

Үш аптадан астам уақыт бұрын 1/8 финалдың алғашқы кездесуінде олар аталмыш қарсыласынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Сол себепті олар ойын басынан алға ұмтылды. Олардың қатарынан 43-минутта Жоржиньо Вейналдум ағылшындық клубты алға шығарды. Кездесу 1:0 есебімен тең аяқталды. Екі ойын барысындағы есеп 1:1 болды. Нәтижесінде ойын қосымша екі кезеңге созылды.

 

Бұл кезеңде «Ливерпуль» сапынан 94-минутта Роберто Фирмино 94, «Атлетикодан» Маркос Льоренте 97, 105, Альваро Марата 120-минуттарда гол соқты. Нәтижесінде алаң иелері 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

 

Қос ойынның қорытындысымен испандық клуб жарысты жалғастыратын болды.

 

Ал Францияның ПСЖ клубы Германияның «Боруссия» (Дортмунд) клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Бірінші кезеңде француз футболшылары қарсылас қақпасына екі гол соғып үлгерді. Оны 31-минутта Неймар, 45-минутта Хуан Бернат орындады. Ойында ПСЖ 2:0 есебімен жеңіп, 1/4 финалға жолдама алды.

 

Бұдан бұрын 10 наурызда Италияның «Аталантасы» Испанияның «Валенсия», Германияның «РБ Лейпцигі» Англияның «Тоттенхэм Хотспурын» орта жолда қалдырып, ширек финалға жолдама алды.

 

Енді 17 және 18 наурыз күндері 1/8 финалдың қалған төрт ойыны өткізіледі.

 

Алдымен 17 наурызда «Манчестер Сити» (Англия) - «Реал Мадрид» (Испания), «Ювентус» (Италия) - «Лион» (Франция), «Барселона» (Испания) - «Наполи» (Италия), «Бавария» (Германия) - «Челси» (Англия) командалары кездеседі.

 




Көрілген: 282    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.03.2020, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31