Футбол

ЧЛ: «Реал» «Галатасарайды» ойсырата жеңді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 4-тур ойындары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Көптің назарын аударған ойындардың бірі Испания астанасында «Мадрид» және Ыстанбұлдың «Галатасарай» командалары арасында болды. Өйткені, соңғы кездері тұрақсыз ойнап жүрген Корольдік ұжым бүгін жеңілсе, топтан шығу мәселесі тым қиындай түсері анық еді.


Сондықтан Зинедин Зидан шәкірттері алғашқы минуттардан-ақ шабуылға лап қойды. Бұл өз жемісін берді де. 4-минутта мадридтіктердің бразилиялық шабуылшысы Родриго Гоес есеп ашты. Тағы үш минуттан соң 18 жастағы ойыншы есепті еселей түсті. 14-минутта пенальтиден капитан Серхио Рамос командасының үшінші голын соқты.


1-тайм аяқталарда Родриго Кәрім Бенземаға тамаша пас беріп, қақпашымен жалғыз қалдырды. Өз кезегінде француз футболшысы мүлт кеткен жоқ: 4-0.


Ойын тағдырын ерте шешіп қойған мадридтіктер екінші таймды жайбарақат өткізді. Кәрім Бензема Дани Карвахальдың пасынан кейін есепті 5:0-ге жеткізді. Ал негізгі уақытқа қосылған қос минуттың соңғы секундтарында Бенземаның пасынан кейін Родриго хет-трик иесі атанды.


6-0 есебінде жеңіске жеткен «Мадрид» төрт ойында 7 ұпай жинап, А тобында 2-орынға берік орналасты.


Ал 1-орында ұпайы түгел ПСЖ тұр. Париждік ұжым «Брюггені» өз алаңында жеңіп, 12 ұпаймен плей-офқа жолдама алды.


Бүгін өткен қалған ойындарда мынадай есептер тіркелді:


«Бавария» - «Олимпиакос» 2:0


«Локомотив Москва» - «Ювентус» 1:2


«Црвена Звезда» - «Тоттенхэм» 0:4


«Байер Леверкузен» - «Атлетико Мадрид» 2:1


«Аталанта» - «Манчестер Сити» 1:1


«Динамо Загреб» - «Шахтер Донецк» 3:3


 




Көрілген: 165    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 12:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30