Футбол

ЧЛ: «Реал» "Интерден" басым түсті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі алғашқы тур аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жанкүйерлер 15 қыркүйекте А, В, С, D топтарындағы ойындарды тамашалады.

 

А тобында «Манчестер Сити» (Англия) өз алаңында Германияның «Лейпциг» командасын 6:3 есебімен тізе бүктірсе, «Брюгге» (Бельгия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) 0:0 есебіне қанағат білдірді.

 

В тобында «Ливерпуль» (Англия) мен «Милан» (Италия) тартысты бәсеке өткізді. Ойында ағылшындар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ал «Атлетико Мадрид» (Испания) мен «Порту» (Португалия) 0:0 есебіне қанағат білдірді.

 

С тобында  Түркияның «Бешикташ» клубы өз алаңында Германияның «Боруссия Дортмунд» командасына 1:2 есебімен жеңілсе, Португалияның «Спортингі» Нидерландының «Аяксына» 1:5 есебімен есе жіберді.

 

D тобында Молдованың «Шерифі» өз алаңында Украинаның «Шахтерін» 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Италияның «Интері» Испанияның «Реал Мадридіне» 0:1 есебімен жол берді.

 

Енді екінші тур ойындары 28 және 29 қыркүйек күндері өткізіледі.

 

Еске салсақ, бұдан бұрын 14 қыркүйекте E, F, G, H топтарында ойындар өткізілді.

 

 

 




Көрілген: 199    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 13:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31