ЧЛ: «Реал» мен «Челси» күш сынасты

07 сәуір 2022, 08:37

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында Испанияның «Реал Мадрид» командасы 6 сәуірде Англияда «Челсиден» басым түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Кездесу барысында испандық клубтан Карим Бензема хет-триктің авторы атанды. Ол 21, 24, 46-минуттарда мергендік танытты.

 

Оған «Челси» сапынан Кай Хаверц 40-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

 

Осылайша «Реал Мадрид» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

 

Тағы бір кездесуде Испанияның «Вильярреал» клубы өз алаңында Германияның «Бавариясын» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

 

Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды Арно Груневелд 8-минутта өзінің еншісіне жазды.

 

Қарымта кездесу 12 сәуір күні өткізіледі.

 

Жарыстың аталған сатысында 5 сәуірде Англияның «Ливерпуль» командасы Португалияда «Бенфиканы» 3:1, Англияның «Манчестер Сити» командасы Испанияның «Атлетико Мадрид» клубын 1:0 есебімен сүріндірді.