Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ЧЛ: Ширек финалға шыққан барлық команда белгілі болды

16 наурыз 2023, 08:56

UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалына жолдама алған барлық команда белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

15 наурыздан 16-на қараған түні 1/4 финалда Испанияның «Реал Мадрид» клубы өз алаңында Англияның «Ливерпулін» қабылдады. Алғашқы кездесуде испаниялық клуб қарсыласын сырт алаңда 5:2 есебімен тізе бүктірген еді.

 

Сондықтан ағылшындар үшін жарысты жалғастыру мүмкіндігі қиын тиетіні белгілі еді.

 

Нәтижесінде бұл жолы қарсыласын 1:0 есебімен қапы қалдырған испаниялық клуб жарыстың келесі сатысына шықты.

 

Сондай-ақ, тағы бір ойында «Наполи» (Италия) және «Айнтрахт» (Германия) командалары шеберлік байқасты. Бірінші ойында италиялықтар 2:0 есебімен жеңіске жетсе, бұл жолы олар 3:0 есебімен басым түсті. Ширек финалға «Наполи» жолдама алды.

 

Еске салсақ, бұдан бұрын «Манчестер Сити» (Англия), «Интер» (Италия), «Бавария» (Германия), «Милан» (Италия), «Бенфика» (Португалия) мен «Челси» (Англия) командалары ширек финалға жолдама алды.

 

Енді 1/4 финал ойындары 11-12, 18-19 сәуір күндеріне белгіленген. Ал жартылай финал 9-10, 16-17 мамыр күндері өткізіледі.

 

Финал 10 маусымда Түркияның Стамбул қаласындағы Ататүрік атындағы Олимпиадалық стадионда болады.